90-жылдардағыдай қара күртелі жігіттер бала-шағамның суретін көрсетті – депутат
Фотосурет: ашық дереккөзден
Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев журналист Айкерім Есенәліге берген сұхбат барысында Лудоманияға қарсы заң жобасымен жұмыс барысындағы лоббизм мен кедергі келтіруге талпынғандар туралы айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Депутат сұхбат барысында жабық форматтағы Telegram-арналарда шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылғанын атап өтті.

90-жылдардағыдай қара күртелі жігіттермен сөйлесуге тура келді. Бала-шағамның суретін көрсетті, сондайға дейін барды. Мен құқық қорғау органдарын іске қосамын дедім, – дейді Елнұр Бейсенбаев.
Депутат заң жобасымен жұмыс процессінде букмекерлер тарапынан лоббидің «шақыртау шегі» көрініс тапқанын да жеткізді.
Айта кетсек, лудоманияға қарсы заң жобасы 2 жыл талқыланған еді. Бір жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес, 21 жасқа толмағандарға құмар ойын ойнауға тыйым салынады. Ел тұрғындары бәс тігуге өзіне онлайн түрде шектеу қоя алады.
Пікірлер (0)