Қазақстан мен Аустрия арасында тікелей рейс ашылады

Жаңалықтар
view 62
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстан мен Австрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылады, деп хабарлайды janabastau.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның Аустрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесуінде айтылды.

«Кездесу барысында Қазақстан мен Аустрия арасында аптасына екі рет ұшатын тікелей рейстер ашу мәселесі талқыланды. СКАТ әуе компаниясы рейстерді 2025 жылдың көктеміне жоспарлап отыр», – деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті.

Сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *