Қазақстанда Kundelik-ке тіркелген оқушылардың жеке деректері тарап кеткен

Жаңалықтар
view 118
news

Фото: Sputnik/Владислав Воднев

Әлеуметтік желілерде қазақстандық Kundelik электронды күнделігіне тіркелген бірнеше мың баланың толық аты-жөні, туған күні, оқитын мектебі және сыныбы көрсетілген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Хакерлер қазақстандық спортшылардың жеке деректерін таратып жіберген

“Выход к морю” телеграм арнасының мәліметінше, ақпарат желтоқсанның басында мәлім болған, ал деректердің өзектілігі биылғы қыркүйекке сәйкес келеді. Бұл дерек соңғы айларда тарағанын аңғартады. Платформа операторлары ресми түсініктеме берген жоқ.

Darknet алаңдарында бірнеше мың жолдан тұратын файлдар сатылымға қойылған. Әдетте мұндай ақпарат тек «бер жағы» және толық база әлдеқайда ауқымды болуы мүмкін. Kundelik — Қазақстандағы мектептердің басым бөлігінде міндетті жүйе, сондықтан онда миллиондаған оқушы, ата-ана және мұғалім тіркелген. Логин, пароль не телефон нөмірлері тараған-тармағаны әзірге белгісіз.

Kundelik пен оның ресейлік баламасы бұған дейін де жеке деректердің қорғалмауы, монополия, жарнаманы ақылы түрде өшіру сияқты мәселелер үшін жиі сынға ілінген. Бұған қоса, жүйедегі жарнама интеграциясының кесірінен оқушылардың күнделіктерінде порнографиялық видеолар пайда болған жағдайлар тіркелген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *