Қазақстанда тұрып жатқан ресейліктердің саны қанша

Жаңалықтар
view 652
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда қанша шетелдік азамат тұрақты тұрып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

БАҚ өкілдері 2022 жылғы жаппай көші-қоннан кейін Қазақстанда қанша Ресей азаматы қалғанын сұрады. ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов қазір елде 87 мың ресейлік тұрып жатқанын айтты. Бірақ ведомство басшысы олардың қаншасы Қазақстанға 2022 жылы келгенін нақтылай алмады.

Аталықовтың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 200 мыңнан астам шетелдік тұрақты тұрады. Оның ішінде 87 мың ресейліктен басқа, 50 мың оралман (этникалық қазақ), 49 мың Өзбекстан азаматы және 11 мың Қырғызстан азаматы бар.

Олардың көпшілігі Астана (19 мың) мен Алматы (41 мың) қалаларында, сондай-ақ Алматы (30 мың), Қарағанды (17,5 мың) облыстарында тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2025 жылы 1 070 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алғаны туралы хабарланған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *