Туды қорлау ісі: жауапкершілік бар, қамау жоқ

Жаңалықтар
view 492
news

Фото: әлеуметтік желіден

Атырауда Қазақстан туын қорлаған қыздар қамауға алынған жоқ, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Buzyq ақпараты бойынша, кеше полицияға жеткізілген төрт күдікті сотқа дейін босатылды. Олардың екеуі кәмелетке толмаған. Олар сот тергеуі аяқталғанға дейін ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.

Мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін 3000 АЕК (шамамен 12 миллион теңге) көлемінде айыппұл, 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру жазасы қарастырылған.

Еске салсақ Атырау мұз айдынында төрт қыз никаб киіп, Қазақстан туына ұқсас жалаумен суретке түскен. Алайда оның жоғарғы бөлігінде арабша жазу мен қылыштың бейнесі болған. Бұл – ислам сенімінің символы саналатын шахада: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі» деген жазу.

Осы оқиғаға байланысты ҰҚК мен Атырау облысының полиция департаменті бірлескен тексеру жүргізіп, мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *