Қазақстандық жас шахматшылар әлем құрамасына қарсы матчта жеңіске жетті
Жаңалықтар
22
Фото ашық дереккөзден
Алматыда өткен Kazakhstan vs World матчында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы рапид пен блиц форматтарының екеуінде де әлем құрамасын басып озды,- деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлдар рапидте 14,5:9,5, ал блицте 27,5:20,5 есебімен жеңіске жетті. Қыздар арасында әлем құрамасы басым түсті.
Матчқа U8-ден U18-ге дейінгі алты жас санатындағы шахматшылар қатысты. Жарыс қазақстандық жас шахматшылардың жоғары деңгейін және елдегі шахматтың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті.
Пікірлер (0)