Құрылтай сайлауына қанша халықаралық байқаушы тіркелді?

Жаңалықтар
view 23
news

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының сайлауын бақылау үшін тоғыз шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйымнан келген тағы 155 халықаралық байқаушыны аккредиттеді,- деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.


Осылайша, бүгінгі күнге дейін Орталық сайлау комиссиясы жалпы саны 251 халықаралық байқаушыны аккредиттеген.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы, ТМД байқаушылар миссиясы, ТМД Парламентаралық ассамблеясы және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы атынан келген байқаушыларды аккредиттеуді ұсынды.
Бұдан бөлек, Ресей, Әзербайжан, Армения, Иордания, Қырғызстан, Молдова, Мьянма, Румыния және Украина да өз байқаушыларын жіберді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *