Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан триллиондаған теңгені мерзімінен бұрын шешіп алған
Коллаж: ашық дереккөз
Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алынған қаражатты қандай мақсаттарға жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі LS-ке сілтеме жасап.
Қазақстандықтар емделуге БЖЗҚ-дан 971 млрд теңгеден астам қаражат шығарғанымен, қаржының негізгі бөлігі әлі де баспана сатып алуға бағытталған. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша салымшылар тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін шамамен 4,3 трлн теңгені шешіп алған. Бұл төлемдер 885,5 мыңға жуық адамға мақұлданған.
Өңірлер бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – қала тұрғындары 1,2 трлн теңге шешіп алған. Екінші орында Астана – 764,4 млрд теңге, үшінші орында Маңғыстау облысы – 610,3 млрд теңге. Ең аз зейнетақы жинағы Алматы облысында – 4,3 млрд теңге және Ұлытау облысында – 11,7 млрд теңге алынған.
Медициналық қызметтерге БЖЗҚ-дан 971,5 млрд теңге бағытталған. Бұл мақсаттағы өтініш 568,4 мың адамға мақұлданған. Емделуге ең көп қаражат Алматыда – 193,2 млрд теңге, Атырау облысында – 124,4 млрд теңге және Астанада – 120,4 млрд теңге алынған.
Сонымен қатар қазақстандықтар жеке инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға 107,3 млрд теңгені аударған. Қаражаттың ең үлкен бөлігі Halyk Finance компаниясына тиесілі – 63,8 млрд теңге. Одан кейін Alatau City Invest – 18,1 млрд теңге және BCC Invest – 11,8 млрд теңге.
Еске салайық, бұған дейін БЖЗҚ 2026 жылы зейнетақы жинақтарын шешіп алу шегң шамамен 10%-ға артатынын хабарлаған. Бұл шара инфляцияға байланысты енгізілмек. Айта кетейік, ең төменгі жеткіліктілік шегі – болашақ зейнетақы төлемдері ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы үшін шотта қалуға тиіс сома.
Пікірлер (0)