Қазақстанға әкелінген қызанақтан қауіпті вирус табылды

Жаңалықтар
view 343
news

Фото: интернеттен

30 тоннаға жуық қызанақтан вирус табылғандықтан экспорттаушы елдерге қайтарылды, - деп хабарлайды Janabastau.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне сілтеме жасап.

Биыл Түркістан облысында орналасқан фитосанитарлық бақылау бекеттері арқылы 1075 көлікпен жөнелтілген 15 637 802 тонна қызанақ өнімдері әкелінді. Бұл ретте фитосанитарлық талаптардың бұзылуына байланысты (фитосанитариялық сертификаттың, таңбалаудың болмауы) көлемі 29,522 тоннаны құрайтын қызанақ экспорттаушы елге қайтарылды.

Өнімдерде вирус бар немесе жоқ екенін анықтау мақсатында басқа елдерден әкелінген қызанақ, баклажан, тәтті бұрыштың әрбір партиясы тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өтіп, нәтижесінде «қоңыр мыжылған қызанақ жемісінің вирусы» анықталды. Өнімде вирус болуына байланысты Түркменстан Республикасына 56,1 тонна қызанақ, Өзбекстан Республикасына 4,2 тонна қызанақ кері қайтарылды.

Сондай-ақ, 2024 жылдың басынан бері фитосанитарлық бақылау пункттерінде фитосанитариялық талаптарға сай келмейтін, импортталатын карантинге жатқызылған өнімдердің 497,624 тоннасы кері қайтарылған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *