Жол жиегіне шығып такси ұстаған бойжеткен жоғалып кетті

Жаңалықтар
view 448
news

Фото: ашық дерккөзден

Абай облысында жолға шығып, такси ұстаған бойжеткен жоғалып кетті. Ол Семей жаққа қарай бара жатқан көлікке отырған, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, Абай ауданында қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. 2 маусым күні полицияға Бородулиха ауданының тұрғыны хабарласқан. Ол 1994 жылы туған қызы Динара Ғалиқызы Досымбекованың жоғалып кеткенін хабарлады.

"26 мамырда жоғалған қыз Семей қаласына аттанып кеткен, оның қайда екені белгісіз, полиция қызметкерлері оны табу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері бойжеткеннің бойы 165 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі көк, шашы ашық қоңыр болғанын,джинсы күрте, джинсы шалбар және ақ кроссовка кигенін айтады.

Қыздың жоғалғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *