Қазақстанға Никол Пашинян келе жатыр
Жаңалықтар
176
Фото: Илья Питалев/POOL/ТАСС
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ақорданың мәліметінше, сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізген болатын.
Пікірлер (0)