«Қазақта екінші рет ұзатпайды»: Наркенже Серікбаева сынға жауап берді
Сурет: Ашық дереккөзден
Наркенже Серікбаева қызының ұзатылуына қатысты сынға жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Желі қолданушылары әншіні бұрын тұрмыста болған қызын қайта ұзатқанын үшін айыптап, «Қазақта екінші рет ұзату болмайды», «Ажырасқан қызды ұзатпайды, тек орамалын ауыстырады» деген пікірлер қалдырған.
Оған жауап берген Серікбаева бұл шешімін арман еткенін айтып, қызының бақыты үшін батасын бергенін жеткізді.

– Кешеден бері қуанышымыз әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жақсы да, жаман да пікір айтылуда. Дегенмен біз өсекке емес, өсиетке мән беретін халықпыз. Жансая қызым Шымкенттен Жаркентке ұзатылды. Қимастықпен шығарып салдық. Өз балаңды жат үйге беру оңай емес, бірақ жастар бір-бірін таңдап, қол ұстасқан соң батамызды бердік. Қызымды дәл осылай ұзатамын деп армандадым, – деді әнші.
Пікірлер (0)