ҚМДБ Бас мүфтидің Майғазиевтің ұлының тойына неге барғанын айтты

Жаңалықтар
view 440
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділеттің үйлену тойына барғаны желіде қызу талқыланды. Осыдан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы желіде сынға жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ALASH.KZ порталына сілтеп. 

Осыдан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы желіде сынға жауап берді.

Оның айтуынша, діни басқарма мен бас мүфти елде болып жатқан, қоғамдық резонанс тудырған оқиғалардан еш уақытта тыс қалмаған.

Имамдар онсыз да қайғының бел ортасында жүреді. Міндеті. Бірақ оны ешкімге міндетсімейді. Бес бүлдіршіннің қазасына бәріміздің ет жүрегіміз езілді. Қос аяғынан айырылған қыздың да тағдырына қатты алаңдадық. Діни басқарма бұл оқиғалардан тағы да тыс қалған жоқ. Имамдар қоғам алдындағы міндетін ешкімге жарияламай-ақ атқарып жатыр. Өмір тек қайғыдан тұрмайды. Бас мүфтидің қаралы жиында ғана емес, қуанышты басқосуларда да төбе көрсетіп, бата беруі орынды іс,– деп жазды Facebook желісінде Ағабек Қонарбайұлы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін журналист Диас Нұрақын бас мүфтидің әншінің тойына баруын сынаған еді.

"БҚО-да бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағанда құран бағыштамаған, Астанада автобус апатынан шынашақтай қыз екі аяғынан айырылғанда жүрегі сыздамаған Бас мүфти бүгін Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата беріп жүр. Той дегенде қу бас домалайды деген рас-ау?!" деп жазған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *