Үндістанда 242 жолаушысы бар ұшақ құлады

Жаңалықтар
view 153
news

Сурет: кадр

Үндістанда Air India әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

2025 жылғы 12 маусымда Ахмедабад – Лондон бағыты бойынша ұшып шыққан Air India әуе компаниясына тиесілі Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы Үндістан аумағында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Janabastau.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ-та ұшақ апатының алғашқы кадрлары тарады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бортта шамамен 250 адам болған.

Үндістанның азаматтық авиация басқармасының ресми ақпаратына сай, ұшақта 242 адам болған, олардың ішінде 2 ұшқыш пен 10 бортсерік бар.

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр. Құтқару қызметтері оқиға орнында жұмыс істеуде.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *