Қоғамдық жайылымдар мемлекет меншігіне қайтарылды

Жаңалықтар
view 86
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында жер пайдалану саласындағы әділеттілік қалпына келтірілді. Батыс Қазақстан облысының ҚР АШМ ЖРБК жер ресурстарын басқару департаментінің жүргізген тексерісі нәтижесінде заңсыз берілген 4750 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Тексеру барысында Казталов ауданы әкімі аппараты мен аудандық жер қатынастары бөлімінің бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Сегіз ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормалары сақталмай, жер учаскелері заңсыз берілген. Бұл алқаптар – халықтың ортақ пайдалануға арналған шөп шабындықтары мен жайылымдары. Жер кодексінің 26-бабының 3-тармағына және «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес, мұндай жерлер жеке меншікке немесе жекеше жер пайдалану құқығына берілмейді, тек қана халықтың қажеттілігі үшін пайдаланылуы тиіс.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша басқармамен бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, орындалды. Жерді мемлекет меншігіне қайтару қоғамдық жайылымдардың мәртебесін қалпына келтірді және жергілікті тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін өмірлік маңызды жерлерге қолжетімділікті қамтамасыз етті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *