Нұрсұлтан Алтынбек World Boxing аясында әлем кубогын жеңіспен бастады
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстандық Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) Бразилияда өтіп жатқан бокстан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңін жеңіспен бастады деп хабарлайды janabastau.kz.
Алғашқы жекпе-жегінде ол бразилиялық Михаэль Тринидадпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында отандасымыз жинақы қимыл көрсетті. Қарсыласына көбірек соққы жұмсауға тырысты. Нәтижесінде қарсыласын қапы қалдырып, ширек финалға жолдама алды.
Аталған жарыста еліміздің ерлер құрамасынан тағы жеті боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында Нұрзат Оңғаров (50 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Алмат Әбдуәлі (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) бар.
Ал әйелдер құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Әдішева (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) ел намысын қорғайды.
Пікірлер (0)