«Қорқынышты...»: Танымал экстрасенс Атырауда жоғалған отбасы жайлы болжам жасады

Жаңалықтар
view 663
news

Фотоколлаж: Janabastau.kz

Атырауда жоғалып кеткен отбасыға қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Белгілі экстрасенс Камрян Самедов Атырауда із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты өз көргенін айтқан. Алайда оның болжамы көңіл көншітпейтін болып шықты.

Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды.

Журналистке белгілі болғандай, экстрасенс бұл жағдайға байланысты үміттендіретін мәлімет айтпаған. 

Ақпараттың мазмұны аса ауыр әрі қорқынышты болғандықтан, толық нұсқасы көпшілікке жария етілмеді.

Белгілі экстрасенс Камран жоғалған отбасыға қатысты жақсы нәрсе айтқан жоқ, қорқынышты... Лақ, еткізіп оны баршаға мен де айта алмаймын», - деп жазды ол.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша ресми органдардың іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Тергеу барысына қатысты нақты мәліметтер құқық қорғау органдары тарапынан ғана хабарланатыны атап өтілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *