Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады

Жаңалықтар
view 707
news

Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында ҚАУЛЫ етемін:

  1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. 
  3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 
  4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Қаулы мәтінінде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *