Жетісуда мектеп директоры мұғалімдерден ақша алып, оны құмар ойынға салған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy
Жетісу облысындағы мектептердің бірінде ұстаздар мен мектеп директоры арасында ақшаға қатысты дау басталды: ұжымдағы оншақты мұғалімнен қарызға ақша алған директор қарызын қайтармай қойған. Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, директор ол ақшаны құмар ойынға салған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Жетісу облысының жаңалықтарын жариялайтын желіге арызданған мұғалімдер ақшаларын қайтара алмай жүргенін айтқан. Дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың 30 желтоқсанында Көксу ауданының білім бөлімі тоғыз мұғалімнің арызын қабылдаған.
Кеше, 5 қаңтарда олардың арызы полицияда тіркелген. Аудандық білім бөлімі директоры уақытша жұмысынан шеттеткен.
«Аудан әкімінің орынбасары мен білім бөлімдерінің өкілдері ұстаздармен жиналыс өткізеді. Мәселе аудандық әкімдіктің бақылауында», - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Облыстың полиция департаменті хабарлағандай, қазір ұстаздардың арызы негізінде тексеру басталған. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешім шығады.
Пікірлер (0)