Қосшы қаласында жаңа  мектеп ашылды

Жаңалықтар
view 147
news

Сурет: Ашық дереккөз

Бірінші қыркүйек - білім күні Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп ашылып, алғашқы қоңырау салтанаты өтті, деп хабарлайды janabastau.kz.
Салтанатты шараға Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов,  Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов қатысып, құттықтау сөзін сөйлеп,  оқушылар мен ұстаздар қауымына сәттілік тіледі. 
Халық саны қарқынды өсіп келе жатқан Қосшы қаласында оқушылар саны 11 мыңнан асты. 
Үш қабатты заманауи ғимаратта білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Мектепте 48 пәндік кабинет, кітапхана, металл және ағаш өңдеу шеберханалары, тігін шеберханасы, ас үй жабдықталған. Сондай-ақ, 2 спорт залы, салтанат залы, кең асхана және медициналық кабинет бар. Жаңа оқу жылында 500-ден астам оқушы осы мектептің табалдырығын аттамақ, оларды 35 педагог оқытатын болады. Жоба облыстық бюджет есебінен «ФБК ДЕЛО» ЖШС мердігерлік ұйымымен іске асырылды. 
 №4 орта мектеп жаңа оқу жылына толықтай дайын. Қазақ тілінде білім беретін мектеп, оқушылар мен ұстаздарға бар жайлылықты ұсынып, жоғары кауіпсіздікте білім алуды камтамасыз ете алатын, заманауи мүмкіндіктер берері сөзсіз. 
Қосшы қала мәртебесін алған үш жыл ішінде бұл ашылып отырған төртінші мектеп. Барлығы Қосшы қаласында 8 мектеп оқушыларға білім беруде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *