Қостанайлық блогер көлігімен мас күйінде қоршауға соғылды
Жаңалықтар
162
Фотосурет видео кадр
Қостанайда 35 жастағы жүргізуші масаң күйде қоршауға соғылды. Ол блогер болып шықты. Оның өзі апаттың салдарын түсіріп, TikTok-та жариялаған, - деп хабарлайды JANABASTAU.KZ
Оқиға орнына жеткен патрульдік полицейлер жүргізушіден алкоголь иісін анықтады. Медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйдің орташа дәрежесін көрсетті.
Көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін оған 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр. Сонымен қатар ол келтірілген залалды өтейді.
Пікірлер (0)