«Қу жанын сүйреп...»: жұрт Торғайға табан тіреген Жүрсін Ерманға жанашырлық танытты

Жаңалықтар
view 161
news

Фотосурет: дереккөз

Желіде Торғай жерінде өткен айтысқа қатысты түрлі видео тарады. TikTok қолданушысы ақын Жүрсін Ерманның да сол жерден табылғанын жазған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Дара тұлға Жүрсін Ерман қу жанын сүйреп, Торғай жерінде өткелі тұрған айтысқа төрешілік етуге табанын тіреді. Нағыз айтыс болатынын осы кісіні көргенде бірден сезіндім. Қазақ айтысының жанашыры әрі негізін қалаушы. Алла ағамызға күш-қуат берсін. Бала күнімде теледидардан көріп, тыңдаушы едім. Жақыннан көріп мәз болдым, бірақ осындай хәлде көргенім қынжылтты, - деп жазды желі қолданушысы.

Пікір білдірушілер бұл кадрға қатысты өз ойларын жазып, Жүрсін Ерманның денсаулығына алаңдаушылық білдірген.

Еске сала кетсек, Торғай өлкесінде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай аламан айтыс өткен еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *