Қыркүйекте Ұлттық қордың кірісі 36,1 трлн теңгеден асты

Жаңалықтар
view 24
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Қаржы министрлігі Ұлттық қордың 9 айдағы жай-күйі туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ресми мәлімет бойынша, 9 айдың ішінде Ұлттық қорға 1 трлн 375 млрд 751 млн 991,8 мың теңге таза табыс түскен. Ал жыл басында онда 34 трлн 730 млрд 106 млн 884 мың теңге болған. Ол сома 1 қыркүйекте 36 трлн 105 млрд 858 млн 875,8 мың теңгеге жетіп отыр.

Жалпы алғанда, 9 айда Ұлттық қорға барлығы 5 трлн 238 млрд 786 млн 755,5 мың теңге кіріс түскен. Оның 2 трлн 480 млрд 802 млн 213 мың теңгесі – қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс.

Аталған 5,2 трлн теңгенің 3 трлн 863 млрд 34 млн 763,7 мың теңгесі жұмсалған. Жіктеп айтқанда, кепілдік берілген трансферттерге 2 трлн теңге, мақсатты трансферттерге 1 трлн 830 млрд теңге, қорды басқару мен сыртқы аудит шығындарына 33 млрд 34 млн 763,7 мың теңге бағытталған.

Еске сала кетсек, 2024 жылы Ұлттық қорға 8,8 трлн теңге кіріс түсіп, одан пайдалануға 5,6 трлн теңге алынған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *