Еліміздегі Балалардың әл-ауқат индексі 2,5 пунктке артты

Жаңалықтар
view 70
news

Фотосурет: gov.kz

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексінің тұрақты өсімі байқалды. Орташа республикалық көрсеткіш 2,5 пунктке көтеріліп, 2023 жылғы 56,1 баллдан 58,6 баллға жетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Сегіз өңір орташа деңгейден жоғары нәтиже көрсетті 59,4-тен 64,6 баллға дейін. Көш басында 64,6 балл нәтижесімен Ақтөбе облысы тұр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6 пунктке артық. Павлодар облысы да жоғары деңгейін сақтап қалды 63,3 балл. Елеулі өсім Алматы қаласында (+6,9) және Қостанай облысында (+6,4) тіркелді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдан бастап Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексі енгізілді. Бұл көрсеткіш өңірлер арасындағы нәтижелерді және халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекет пен қоғамның назарын балалық шақ мәселелеріне аударады, - деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Индекс мына 4 бағыт бойынша 56 көрсеткіштен қалыптасады: «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат» және «Елдің әл-ауқаты». Ол 35 статистикалық және 21 сауалнамалық деректерге негізделген. Көрсеткіштер бала денсаулығы мен дамуын, отбасылық және әлеуметтік ортаны, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, экология және инфрақұрылым салаларындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтиды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *