Ерке Есмахан журналист Ләйлә Сұлтанқызына ренішін айтты

Жаңалықтар
view 446
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram-дағы парақшасында белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызына ренішін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Жуырда Ләйлә Сұлтанқызы YouTube арнасына пластикалық хирургтарды қонаққа шақырып, отандық жұлдыздардың қандай ота жасатқанын талқылайтын сұхбат жариялаған болатын. Дәрігерлер әңгімесінде Ерке Есмаханның есімі де аталған. Олардың айтуынша, әншінің беті мен көзіне пластикалық ота жасалған деп болжанған. Ал Қазақстанда мұндай қызметке сұраныс жоқ болғандықтан, ол Кореяда жасалған болуы мүмкін деген пікір айтылған.

Бұл жағдай әншінің ашуына тиген сыңайлы. Ерке Есмахан өз сторисінде Ләйлә Сұлтанқызына өкпесін айтып, мұндай қадамды күтпегенін жеткізді:

Ләйлә ханым, сіздікі жәй ма? Сұхбаттастарыңызда айтып отырған қорқынышты нәрселердің ешбірін менің бетіме жасатпағанымды сіз өте жақсы білесіз. Менімен жақын сыйлас әпкем ретінде өтірікке жол бермей, қорғаудың орнына, өзіңіз талқыға салып отырғаныңыз таңғалдырды, - деп кейіді әнші.

Сонымен қатар ол жақын адамдардың атын хайп пен қаралым үшін пайдалануды қабылдамайтынын айтты.

Өмірде жақын деп жүрген жандардың менің атымды хайп пен қаралымға пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін! - деді Ерке Есмахан.

Қазір әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқыланып, көпшілік Еркені қолдап жатыр. Ал әзірге Ләйлә Сұлтанқызы тарапынан еш жауап жарияланған жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *