Қыстың ызғары әлі бар: 25 наурызда ауа райы қандай болады

Жаңалықтар
view 123
news

сурет: Ашық дереккөзден

Синоптиктер 25 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Астана: Аспан ашық, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -11…-13°C, күндіз 0…-2°C.

Алматы: Бұлтты, жаңбыр мен қар, жел 3-8 м/с. Температура түнде +1…+3°C, күндіз +4…+6°C.

Шымкент: Кезең-кезеңмен бұлтты, жаңбыр, жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +6…+8°C, күндіз +10…+12°C.

Ақтау: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Температура түнде +4…+6°C, күндіз +10…+12°C.

Ақтөбе: Аспан ашық, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Температура түнде -2…-4°C, күндіз +7…+9°C.

Атырау: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 4-9 м/с. Температура түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C.

Жезқазған: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -5…-7°C, күндіз +1…+3°C. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Температура түнде -9…-11°C, күндіз -1…-3°C. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде кей уақытта тұман түседі. Жолдарда көктайғақ.

Көкшетау: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Температура түнде -5…-7°C, күндіз +2…+4°C. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.

Қонаев: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 0…+2°C, күндіз +5…+7°C. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарда жауын-шашын, түнде кей жерлерде қатты жаңбыр мен қар жауады, кей уақытта тұман түседі.

Қостанай: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Температура түнде -5…-7°C, күндіз +5…+7°C. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с. Температура түнде 0…+2°C, күндіз +7…+9°C. Облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі.

Павлодар: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Температура түнде -7…-9°C, күндіз -2…-4°C.

Петропавл: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -9…-11°C, күндіз +3…+5°C.

Семей: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -7…-9°C, күндіз -3…-5°C. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар, боран және көктайғақ күтіледі.

Талдықорған: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -3…-5°C, күндіз +4…+6°C. Таулы аймақтарда жаңбыр және қар күтіледі. Облыстың шығысы мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Тараз: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +3…+5°C, күндіз +6…+8°C. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Таулы аймақтарда кей жерлерде қатты жаңбыр мен қар, күндіз де жаңбыр, қар жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.

Түркістан: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Температура түнде +6…+8°C, күндіз +11…+13°C. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында найзағай күтіледі.

Орал: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Температура түнде -3…-5°C, күндіз +8…+10°C.

Өскемен: Ауа райы бұлтты, қар жауады, жел 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -10…-12°C, күндіз -4…-6°C. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, боран және көктайғақ күтіледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *