Қытай инвесторлары Түркістандағы көне қорымды қазып тастады

Жаңалықтар
view 127
news

Фото скрин

Түркістан облысында Қытай инвесторлары мақта алқабын дайындау кезінде көне қорымды тегістеген, адамдардың сүйектері шашылып жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы, Отырар ауданында мақта егуге жер дайындау барысында көне қорым жойылып, ата-бабалар сүйектері далада шашылып қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жерді шетелдік инвесторлар – Қытай компаниясы игеріп жатыр.

Ауыр техниканың көмегімен жер тегістелген кезде бейіттің орны да жойылған. Оқиға куәгерлері мұны байқағаннан кейін сүйектерді жинауға кірісті.

«Қытайлақытар мақта егеміз деп, ата-бабамыздың жатқан жерін шашып жатыр. Міне, сүйектер жатыр. Осының барлығын ата-бабамыздың аруағы үшін қайта жинап жатырмыз. Ата-бабалар, кешіре гөр, сіздерге қорған бола алмадық. Ел сатқын», – дейді жергілікті тұрғын.

Қоғамда наразылық күшейіп жатқанымен, облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл жағдайға әлі нақты пікір білдірген жоқ. Жергілікті билік шетелдік инвесторлардың әрекетін бақылауға тиіс болғанымен, осындай оқиғалар орын алуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *