Қытайлық хакерлерден Қазақстан шенеуніктерінің жасырын хаттары табылған

Жаңалықтар
view 139
news

Фото: Getty Images

Сингапурда халықаралық қылмыстық топта жұмыс істеген Қытайдың үш азаматы қамауға алынды. Полиция олардың ноутбугінен бірнеше шетелдік Үкіметке қатысты файлдарды тапты. Олардың арасында Қазақстан да бар, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қай ведомствоның шенеуніктері

Бұл туралы ақпарат сингапурлық The Straits Times газетінде жарияланған.

Ұсталған 33 жастағы Лю Юцидің құрылғысынан Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлері арасындағы құпия хат табылды, - деп жазды басылым. 

Хакерлер тапсырма бойынша әрекет еткен

Хакерлер — Лю Юци, Янь Пэйцзян және Хуань Циньчжэн 2024 жылдың қыркүйегінде қамауға алынды. Олар Сингапурда жеке деректерді жинау және үкіметтік ресурстарды бұзу туралы тапсырма бойынша әрекет еткен. Сонымен қатар, ұсталғандардың ноутбуктерінде жүздеген зиянды бағдарламалар, басқа адамдардың компьютерлерін қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін қосымшалар табылды. Олардың арасында мемлекеттік құрылымдарға байланысты хакерлер жиі қолданатын танымал plugX зиянды бағдарламасы да болды. Тағы бірінің компьютерінен Аустралия, Аргентина және Вьетнам мемлекеттік органдарының осал сайттары талқыланған хат-хабарлар табылды.

5 қараша күні Сингапур соты хакерлерді екі жыл бес айға бас бостандығынан айырды.

Еске салсақ, бұған дейін WhatsApp израильдік компанияны журналистердің аккаунттарын бұзды деп айыптаған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *