“Қыздар, Kaspi Gold арқылы жігіттеріңнен ақшалай сыйлық алмаңдар”: Ер адам бұрынғы сүйіктісіне сыйлаған 1,4 млн теңгесін өндіріп алмақ

Жаңалықтар
view 443
news

Сурет: ғаламтордан

Түркістан облысында ер адам бұрынғы сүйіктісінен 1 миллион 400 мың теңге ақшалай берген сыйлығын айрылысқаннан кейін қайтарып алу үшін сотқа берген, деп хаьарлайды Janabastau.kz.

Бұл туралы заңгер Қайыржан Балғабеков TikTok парақшасында жариялаңан видеосында айтқан.

Айтуынша, 2 жыл қарым-қатынаста болған түркістандық жұп бүгінде соттасып жатыр. 

«Қыздар, Kaspi Gold арқылы жігіттеріңнен ақшалай сыйлық алмаңдар. Қазір, Келес аудандық сотында бір іс қаралып жатыр. Жігіт қызына Kaspi Gold-қа ақшалай сыйлық жіберген. 5 мың... 10 мың... 20 мың теңге. 2 жылдың ішінде 1 миллион 400 мың теңге жиналып қалыпты. Кейін ол қыз жігітпен жүргісі келмей, екеуі айрылысады. Бірақ уақыт өте жігіт мынаған қандай «подлянка» жасаймын деп ойлайды. Қызды сотқа берді. Қазір іс қаралып жатыр» деді заңгер.

Қыздарды қарым-қатынаста аса сақ болуға шақырған заңгер, дәлел мен дәйек жинай жүруге үндеді.

«Сол себепті жігіттен сыйлық алатын болсаңдар не үшін алғандарыңды жаздырып алыңдар. Немесе жазылған хабарламаларды сақтап қойыңдар. Тағы бір жолы ақшаны қолма-қол алу. Сол кезде жігіт ештеңе істей алмайды. Абай болыңдар. Сақ болыңдар» деп түйіндеді ол.

Сонымен қатар, заңгер қыздар осы аталған шарттарды орындамаса заңды түрде жазаланатынын ескертті.

953-бап 1-бөлігі (Негiзсiз байлықты қайтару мiндетi). Заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), осы Кодекстің 960-бабында көзделген жағдайлардан басқа ретте, негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндет.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *