Қыздарға да "сүндет той" жасайтын болған ба?

Жаңалықтар
view 1035
news

скрин видео

Жұлдыз той жасаған отбасы көптеген қазақстандықты қайран қалдырды. Ата-анасы үлкен той ұйымдастырып, үш қызды сүндет тойдағыдай ел алдына шығарып, сыйлық жинаған. Бұл туралы  janabastau.kz kyn.kz материалына сүйеніп хабарлайды.

Бұл Қазақстанның оңтүстігінде көптеп кездесетін той. Халық арасында бірнеше қыздан кейін ұл бала күткен отбасы қыздарына осылайша той жасайды екен.

Ал этнограф Болат Бопайұлы "Жұлдыз тойдың" маңыздылығы мен мәні тарихымызда қалай қалғанын айтты.

"Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрі бойынша кішкентай қыз 3 жас, 5 жас, 7 жас, 9 жасқа келгенде, оның құлағын тесіп, алтын сырға салады. Бір ақ сары бас қой не, көк қасқа тай шалып, ағайындарын шақырып " Сырға тағу" тойын жасайды. Бұл тойды "Сырға той", "Сырға тағу тойы" деп атайды. Қазіргі "Жұлдыз той" деп аталып жүрген салт сол "Сырға тағу тойы" ғой", - дейді этнограф.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *