«Қызды қудалау – қылмыс»: Ләйлә Сұлтанқызы қоғамға қатаң ескерту жасады

Жаңалықтар
view 128
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Шымкентте қаза тапқан жас қызға қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялап, қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол алдымен желіде тараған пікірлерге тоқталып, «өлтірмей, ұрмады ма?», «өзі кінәлі шығар» деген сарындағы жазбалардың адам шошырлық екенін айтты.

Тележүргізуші мұндай көзқарастарды қабылдауға болмайтынын, әр адамның әпкесі, қарындасы, анасы мен қызы бар екенін еске салды.

Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстан Конституциясында адамның өмірі мен құқығы ең жоғары құндылық ретінде белгіленгенін атап өтіп, ешбір тірі жан зорлық-зомбылыққа төзуге міндетті емес екенін қадап айтты.

Сонымен қатар ол қылмыскер қандай жаза алса да, қайтыс болған қыздың қайта оралмайтынын айтып, бұл қайғының ата-ана үшін орны толмас қасірет екенін жеткізді.

«Бауыр етіңнен айырылудан ауыр жаза жоқ», — деді тележүргізуші.

Тележүргізуші марқұм Нұрайдың анасымен толық келісетінін айтып, заң орындалғанымен, ананың жүрек тыныштығы қайта келмейтінін атап өтті. Сөз арасында ол бұл жағдайды өз басынан өткергендей күй кешкенін айтып, жас қыздың артында қалған арман мен ата-ананың үміті бір сәтте күйреп кеткенін жеткізді.

Сөз соңында Ләйлә Сұлтанқызы жігіттерге арнайы үндеу жасады.

Оның айтуынша, қызды қудалау, артынан қалмау — жігіттік емес, бұл сталкерлік және заңмен жазаланатын әрекет. «Намыс — күш көрсету емес. Намыс — тоқтай білу. Намыс — “жоқ” дегенді қабылдау. Намыс — әлсізге қол көтермеу. Намыс — қорғау, қорлау емес», — деп түйіндеді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *