Рамазан айында пітір садақа мөлшері қанша болады?

Жаңалықтар
view 306
news

Фотосурет ашық дереккөзден

2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Мүфтият мәліметінше, пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді. Былтыр пітір садақа мөлшері 640 теңге болған еді. 

Кесте бойынша, биыл ораза 29 күнге созылады. Ал Қадір түні – наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн. 

Діни басқарма Рамазан айы басталмай тұрып, өткен жылдағы қаза болған ораза күндерін толықтыру керегін ескертті.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *