“Реал” мен “Барселона” матчы: футболшылар қақтығысып қалды
Жаңалықтар
32
Фото: видеодан скриншот
Ла Лиганың 10-турындағы тартысты “Реал” мен “Барселона” матчынан кейін футболшылар сөзге келіспей, өзара қақтығысып қалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Матчта "Реал" "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді. Алайда ойыннан кейін алаңда жанжал шықты.
Жанжал “Реал” капитаны Карвахальдың ишарасынан басталған. Ол матчқа дейін көп сөйлеген Ямальға “үндеме” деген белгі көрсеткен. Бірақ Ламин бұл сөзге ашуланып, 33 жастағы қарсыласына жауап қайтара бастаған.
Кейін олардың дауына өзге де футболшылар араласып, олар да өзара келіспей қалған.
“Реал” өз жеңістерін жанжал шығарғандарды алып кеткеннен кейін ғана сабырмен атап өтті.
Пікірлер (0)