Референдумда дауыс бергендер саны 51 пайыздан асты

Жаңалықтар
view 148
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Орталық референдум комиссиясы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша учаскелерге келіп, дауыс берген қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz.

«2024 жылғы 6 қазандағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 339 425 азамат бюллетень алды. Бұл 51,77 пайызды құрайды. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады», - деді ОРК мүшесі Сабила Мұстафина.

Өңірлер бойынша дауыс бергендер саны:

1. Абай облысы бойынша – 52,99 %

2. Ақмола облысы бойынша – 54,91%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 52,85 %

4. Алматы облысы бойынша – 59,32%

5. Атырау облысы бойынша – 52,91%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,52%

7. Жамбыл облысы бойынша – 48,80 %

8. Жетісу облысы бойынша – 55,42%

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,92 %

10. Қостанай облысы бойынша – 61,54 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 54,13%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 46,19%

13. Павлодар облысы бойынша – 49,18%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,00%

15. Түркістан облысы бойынша – 67,38%

16. Ұлытау облысы бойынша -59,65%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,73%

18. Астана қаласы бойынша – 45,19%

19. Алматы қаласы бойынша – 16,91%

20. Шымкент қаласы бойынша – 64,38%.

Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те беріледі.

Референдум учаскелері кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *