Референдумда әр азаматтың дауысы маңызды – Президент
Жаңалықтар
97
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде 5 маусым күні өтетін республикалық реферндумның маңызына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ата заңымызға өзгерістер енгізіледі. Халқымыз осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын болады. Жауапты сәтте әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Президент бизнес өкілдерімен 4 ай бұрын болған кездесуге тоқталды. «Өткен жолғы басқосуда өзара пікір алмасып, жаңа ұстанымдарды айқындадық. Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық. Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ, осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Жаңа Қазақстанды құруға кірістік»», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/referendumda-ar-azamattyn-dauysy-manyzdy-prezident_a3934940
Пікірлер (0)