Ресейге басқа бір ел соғыс ашқан жоқ, сол үшін ҰҚШҰ кірісе алмайды – Дос Көшім
Жаңалықтар
337
Фотосурет: ашық дереккөзден
Саясаттанушы Дос Көшім Ұлыс аптаға берген сұхбатында ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің Украинадағы соғысқа араласу ықтималдығы турасында сұраққа жауап берді, деп жазды JANABASTAU.KZ.
Саясаттанушының айтуынша, әлі еш нәрсе анықталған жоқ. Әзірге анығы – бейбіт келіссөз жүргізуге екі жақ та келісімін берген. Дос Көшім Украина жақын арада НАТО-ға мүше бола алмайтынын айтады.
ҰҚШҰ кірісе алмайды. Себебі Ресейге басқа бір ел соғыс ашқан жоқ. Соғыс барысында олардың бір облысын алып қойды. Егер Ресейге бір елдер шабуыл, агрессия жасаса, онда ҰҚШҰ әскері көмектесуі керек. Бұл соған арналған әскери одақ. Бірақ Ресейге қазір ешкім шабуыл жасап жатқан жоқ, – дейді ол.
Пікірлер (0)