Ресейге империя дәуірінің аяқталғаны, НАТО-ның енді аянбайтыны ескертілді
Фотосурет: ашық дереккөзден
Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Оған Ресей әскери ұшақтарының Эстония әуе кеңістігін бұзып кіруі себеп болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Arasha.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетсек, Қауіпсіздік кеңесінің отырысы тарихта алғаш рет Эстонияның тікелей өтініші бойынша шақырылып отыр. Отырыста бірқатар елдің өкілдері Ресейдің әрекетін халықаралық құқықты елемеу деп бағалады. Әсіресе Польшаның Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскидің мәлімдемесі қатаң болды. Ол Ресей делегациясына тікелей қарата сөйлеп, Мәскеудің ұстанымын сынға алды.

Сіздердің халықаралық құқықты құрметтемейтіндеріңізді білеміз. Көршілеріңізбен бейбіт өмір сүре алмайтыныңыз анық, – деді министр.
Оның айтуынша, Ресейдегі «шектен шыққан ұлтшылдық» үстемдікке ұмтылудан арылмаған.

Бірақ империялар дәуірі әлдеқашан аяқталды. Сіздер армандап отырған империя ешқашан қайта құрылмайды, – деді Радослав Сикорский.
Польша өкілі НАТО аумағына төнетін қауіпке де тоқталды.

Егер тағы бір ресейлік зымыран немесе ұшақ біздің әуе кеңістігімізге рұқсатсыз кіріп, атып түсірілсе, ал оның сынықтары НАТО жеріне құласа, бізді айыптап, шағымданбаңыздар. Бұл туралы алдын ала ескертілдіңіздер, – деді ол.
Пікірлер (0)