Рим Папасы Палестина мемлекетін құруға шақырды
Фото: AFP
Рим Папасы Лев XIV Палестина мемлекетін құру мен тануды ұзақ жылға созылған Палестина-Израиль қақтығысының «жалғыз шешімі» деп атады. Ол тиісті мәлімдемені жексенбі, 30 қарашада Түркиядан Ливанға ұшуы кезінде жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігіт DW-ға сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ешкімнің қолдауы қажет емес»: Нетаньяху Палестина мемлекетін құруға қарсы шықты
Рим Папасы не деді?
Израильдің бұл шешімді әлі де қабылдамай отырғанын біліп отырмыз, бірақ біз оны жалғыз шешім деп санаймыз. Біз сондай-ақ Израильмен доспыз және екі тарап арасында делдал болуға тырысамыз, бұл оларға барлығы үшін әділ шешімге жақындауға көмектеседі, — деп жауап берді Лев XIV түрік тілшісінің сұрағына.
Ватикан Палестинаны мемлекет ретінде 2015 жылы таныды
Рим-католик шіркеуі басшысысының Түркияға 27 қарашада басталған сапары және одан кейінгі 2 желтоқсанға дейін Ливанға ұшуы — Лев XIV-тің мамыр айында сайланғаннан бері алғашқы шетелдік сапары.
Ватикан Палестинаны мемлекет ретінде 2015 жылы ресми түрде таныды. Бұл қазіргі Рим Папасының алдындағы Рим Папасы Франциск Қасиетті Таққа келгеннен кейін екі жыл өткен соң болды. Ватиканның баспасөз қызметі мемлекеттің Палестинаны 2013 жылы, автономия БҰҰ-да бақылаушы мәртебесін алған кезде іс жүзінде танығанын атап өтті.
Пікірлер (0)