Рыбакина WTA ұйымының бас директорымен суретке түсуден бас тартты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 89
news

Фото: Alcoba Beitia/Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина марапаттау рәсімінде WTA ұйымының бас директоры Порше Арчермен бірге суретке түспеуден бас тартты. Бұған оның жеке жаттықтырушысы Стефано Вуковтың уақытша шеттетілуі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде үздік атанды

Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады

Рыбакина не деді

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен маусым қорытындысы бойынша марапаттау сәтінде Рыбакина WTA басшысымен қатар тұрудан бас тартқан. Бұл сәт тікелей эфир кезінде видеоға түсіп қалды.

Кейін баспасөз конференциясында журналистер Еленадан бұл әрекетінің себебін сұраған.

Бұл мәселені мен өзім мен Арчер ханымның арасында қалдырғым келеді, – деп қысқа ғана жауап берді Рыбакина.

Жаттықтырушысы туралы не айтты

Сондай-ақ теннисшіден WTA тарапынан оның жаттықтырушысы Стефано Вуковқа қатысты жүргізілген тергеу жайында да пікір сұраған.

Менің ойымша, бәріміз өз жұмысымызды істеп жүрміз. Біз сөйлесуге мүмкіндік алғанбыз, бірақ ол жүзеге аспады. Сондықтан әркім өз ісімен айналысып жатыр. Алда да солай жалғасады деп ойлаймын, – деді Елена Рыбакина.

Еске сала кетейік, бұған дейін WTA ұйымы Елена Рыбакинаның жаттықтырушысы Стефано Вуковқа қатысты тергеу бастаған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *