Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде сотталды
Жаңалықтар
77
Фотосурет: ҚР ҰҚК
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш Қаңтар оқиғалары туралы іс бойынша кінәлі деп танылып, шартты үкіммен 8 жылға сотталды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook парақшасында жазба жариялады.
"26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды", – деп жазды мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook парақшасында.
Сот отырысы жабық режиме өтті.
Айта кетейік Самат Әбіш экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені.
Пікірлер (0)