Сайлау қарсаңында 20 өңірде Call орталық іске қосылды
«Алдымен бұқараны сайлау туралы хабардар ету мақсатында Egov.kz, E-өтініш порталында баннер жарияланды. Сонымен қатар сайлау туралы баннер eGov mobile, kaspi.kz және halyk bank мобильді қосымшаларында қойылды. Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтарында да сайлау туралы хабар беретін баннер ілінді. Біздің министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 20 өңірде Call орталық ұйымдастырды. Алматы қаласы және Қостанай облысы бойынша орталық нөмірі «1315», ал қалған өңірлер бойынша «109» нөміріне хабарласуға болады», - деді Әсет Тұрысов Орталық сайлау комиссиясы отырысы барысында.
«Сонымен қатар дауыс берушілер ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) арқылы сайлау тізімінен өзін тексере алады. Ол үш сервис арқылы жүзеге асырылады, атап айтқанда sailau.gov.kz, sailau2023.gov.kz www.gov.kz sailau. Сол сияқты 6 наурызда Kcell, Beeline және Tele2 абоненттерін қолданушыларға жаппай push хабарлама жіберіледі. Ол жерде «Өз сайлау учаскеңізді біліңіз» деген мәтін болады және сілтеме көрсетіледі», - дейді ол.
Пікірлер (0)