Сенаттың жаңадан сайланған депутаты ант берді

Редакция таңдауы
view 78
news

Жаңадан сайланған депутат Әсем Рахметова бүгін Сенаттың жалпы отырысында ант қабылдады, деп хабарлайды janabastau.kz. Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Облыстық телерадиокомпанияны басқарды, телеарналарда редактор болды, сонымен қатар өңірдегі ішкі саясатпен айналысты. Соңғы жарты жылда «Amanat» партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы қызметін атқарды. «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», деді Әсем Рахметова. Айта кетейік, 2023 жылдың 27 қаңтарында сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *