Шенеунік 10 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды
Жаңалықтар
2068
Сурет: Ашық дереккөзден
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғатты қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаев пара алды деген күдікпен ұсталды.
“Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік шенеунікті 180 миллион теңге пара алуға келісіп, 10 миллион теңгесін алып жатқанда ұстаған”, – делінген хабарламада.
Пікірлер (0)