Щучинскідегі дәмханада жарылыс: алты адам қаза тапты
Фото: ИА «NewTimes.kz»
Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Жарылыстан кейін нысанда өрт тұтанған. Бұл туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін бес минут ішінде төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен құралдары оқиға орнына жеткен. Құтқарушылар жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын сыртқа шығарып, оннан астам адамды қауіпсіз жерге эвакуациялаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 20-ға жуық адам зардап шеккен. Өкінішке қарай, алты адам қаза тапқан.
Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастыруда. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Оқиға орнында облыстық ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары, өрт сөндіру бөлімшелері, құтқару жасақтары, медицина қызметкерлері, полиция өкілдері және газ-техникалық инспекция мамандары жұмыс істеуде. Санитарлық авиация мен ТЖМ реанимобильдері дайындыққа келтірілген.
Ақмола облысы ТЖД жанынан жедел желі ашылды: 8 (7162) 514-298.
Пікірлер (0)