Таиландтан есірткі алдыртқан: экс-әкім Амалбек Тшановтың інісі ұсталды
Фотосурет ашық дереккөзден
Жамбыл облысының экс-әкімі Амалбек Тшановтың інісі есірткі қылмысымен ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпаратагенттігі Todayinfo сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті Жамалбек Бақдәулет Еркінбекұлына қатысты аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын — каннабис сығындысын заңсыз иемдену және сақтау фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы тамыз айында күдікті интернет-ресурстар арқылы шет мемлекет аумағында есірткі құралдарын өткізумен айналысатын тұлғалармен байланыс орнатқан. Аталған заттар Тайланд Корольдігінен халықаралық пошта жөнелтілімі арқылы жіберілген.
Өзінің қатысын жасыру мақсатында ол кәсіпкерлік қызмет шеңберінде бұрын алынған үшінші тұлғалардың дербес деректерін пайдаланған.
2025 жылғы қыркүйек айында күдікті «Қазпошта» АҚ арқылы курьерлік жеткізуді рәсімдеп, пошта жөнелтілімін алуға әрекет жасаған, алайда Алматы қаласындағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында жөнелтілімді алу кезінде Департамент қызметкерлері тарапынан ұсталды.
Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жалғасуда.
Пікірлер (0)