шуақ шашқан шұғылалы мереке

Редакция таңдауы
view 127
news

шуақ шашқан шұғылалы мереке

Жүзінен мейір шашқан, шуақ шашқан көктемдей құлпырған – ару қыз! Шұғылалы көктемнің көркі – бүршік жарған гүл болса, адамзаттың көркі – әйел, ана! Ғаламзатты күн нұры жылытса, адамзатты ана жүрегі жылтады. Жан жылыуымен отбасын пейіш нұрына бөлеп, сағанағын сарық, қағанағын қарық еткізіп, қоңыр үйдің түтінін түзу ұшыратын асыл жандар өздеріңіз. Әйел мен гүлге біткен сұлулық пен нәзіктік, мейірімен шапағат, тазалықпен махаббат ешбір жаратылыстың бойынан табылмаса керек. Дала жайқалған жасыл желек гүлімен әлемнің нәзіктігін көрсетер болса, ер азамат әйелімен теңдессіз асқақ көрінер. Алғаш жауған жабырдың иісіне ешқандай теңеу таппайсың. Әр әйел затының өзіне тән жұпар иісі бар. Ол иіс бізді және әлемді сатқындықтан құтқарады. 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай қалалық Мәдениет үйінің ұйымдаструымен «Аналарға тағзым» атты концертіне Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов салтанатты шараға қатысып, барша әйелдер қауымын атаулы мерекемен құттықтады. Әр түрлі салада еңбегі жанған аруларға алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ мемлекеттік «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларын табыс етті. Сондай-ақ қолөнермен айналысатын үздік орталықтар қазақи нақыштағы әйел адамдарың әшекейлерін көрсетіп, көркемсурет көрмесін ұйымдастырды.

Ардақты аналар мен аяулы арулар! 8 наурыз – шуақты көктемнің мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Әрбір шаңырақтың берекесі болып отырған аяулы жандар қандай болсын құрметке лайық. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді». Тәуелсіз еліміздің ұл- қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, әркез демеу болып жүргендеріңіз үшін әйелі қауымына алғыс айтамын. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, өлшеусіз үлесін қосып жүрген арулар бар. Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке - бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге де белсене араласатын қоғам мүшесі. Бүгінде Қосшы қаласында әр салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылардың қатары артуда. Мемлекеттік қызметте 53, медицина саласында 100-ден астам, білім саласында 600-ге тарта, қорғаныс саласында 15 қыз-келіншек қызмет жасаса, 1000-ға жуық әйел азаматы кәсіпкерлікпен айналысады. Қаламызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналар да жеткілікті. Былтырдан бері 17 ана күміс алқа иегері атанса, 5 ана алтын алқа тақты. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақ пен береке, амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Құрметпен, Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *