Синоптиктер бүгін түнде қар жауатынын болжады

Жаңалықтар
view 95
news

Фотосурет: inform.kz

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 23-24 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр сақталады, батыс және оңтүстік аймақтарда күндіз найзағай күтіледі. 23 қыркүйекте шығысқа, 23-24 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысына қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың қарға ауысуы ықтимал, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жалпы республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда – тұман. Елдің басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп +20-28 жылыға дейін, шығыс өңірлерде +10-15-тен +15-25 жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *