Студент ҚазҰУ-дің 14 қабатынан құлап қайтыс болды

Жаңалықтар
view 81
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Алматы қаласында студент қыз ректорлық ғимараттың 14-қабатынан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды janabastau.kz. 

Әлеуметтік желілердегі ақпараттарға сәйкес, қайғылы жағдай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында орын алған.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың қаза болғанын растады. Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаның себебі – отбасылық жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауды, тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз", – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *