Шымкентте 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Сурет: Ашық дереккөзден
Шымкентте 14 жастағы 9-сынып оқушысы үйінің ауласындағы сарайда өз-өзіне қол жұмсаған. Туыстары буллинг себеп болды деп отыр, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Жеткіншектің денесін жұмыстан келген анасы тауып алған. Туыстарының айтуынша, ол қайтыс болар алдында телефонына жазба қалдырған. Хабарламада: «Енді сендер мені ұра алмайсыңдар. Енді мені мүлде көрмейсіңдер» деп жазып, төрт сыныптасының есімін көрсеткен.
Марқұм жақындарына сыныптастары тарапынан қысым көріп жүргенін айтып, ағасынан көмек сұраған көрінеді. Ол оқыған №32 мектеп те аталған оқушылардың сыныптас екенін растады. Дегенмен мектеп әкімшілігі буллинг фактісін жоққа шығарып отыр.
«Бізде оның мектепте қорлық көргені туралы мәлімет жоқ. Оқиғаға дейін төбелес болмаған. Оны ұрып-соққан жоқ», – деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райхан Төлеева.
Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Пікірлер (0)