Жас діни лидерлер форумы: диалог сабақтастығы және болашаққа көзқарас

Жаңалықтар
view 93
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Астанада Жас діни лидерлердің форумы өтеді. Парламент Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Qogam News жобасына арнап Динара Сәтжан мен Әділ Сейфуллинге берген сұхбатында бұл алаң диалог сабақтастығын қамтамасыз ету және жаһандық міндеттерді шешуге жаңа ұрпақты жұмылдыру үшін құрылғанын айтты,  деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Ұйымдастырушылар атап өткендей, қатысушылар арасында жас діни қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар ғылыми және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері, жас саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері де бар. Алаңның мақсаты – рухани көшбасшылардың аға буыны өкілдерінен тәжірибе үйрену, сондай-ақ жастар арасында ашық диалог, өзара құрмет және толеранттылық мәдениетін қалыптастыру болып отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда жас діни лидерлердің форумы екінші рет өтеді. Біз рухани көшбасшылар арасындағы қарым-қатынастан жастардың үлгі алғанын, диалогты кейінгі буындар да жалғастырғанын қалаймыз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Жас діни лидерлер форумы диалогтың құндылығын түсінуге, түрлі мәдениеттер мен діндер өкілдерімен ортақ тіл табу және бейбітшілік пен өзара түсіністікке ұмтылудағы жаңа көшбасшылар буынын тәрбиелеуде маңызды қадам болмақ. Осылайша, Астанадағы Съезд жаһандық пікірталастар алаңы ретінде ғана емес, рухани және қоғамдық көшбасшылықтың болашақ элитасын қалыптастыру құралы ретінде де өз рөлін нақтылайды. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *